
Жалпы сипаттама
Атауы: Шымкент қаласы білім басқармасының «№31 «Салтанат» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Меншік түрі: мемлекеттік.
Заңды мекен-жайы: 160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке-хан даңғылы, №66, байланыс телефондары/факсі: 8 (7252) 27-96-07; 54-06-86, электронды мекен-жайы: (e-mail) Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Меңгерушісі: Мусакулова Дилбар Толендиевна,2015 жылғы 07 қыркүйектен бастап осы балабақшаға тағайындалды, пед,еңбек өтілі 24 жыл.
Шымкент қаласы білім бөлімінің «№31 «Салтанат» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 1958 жылы құрылған. Мектепке дейінгі білім ұйымы жалпы жер көлемі - 0.4014 га тұратын бұрынғы типтік үлгідегі екі қабатты ғимаратта орналасқан. Ғимараты күйдірген кірпіштен 1939 жылы салынған. Ғимараттың жалпы ауқымы – 6389 шаршы метр, ғимараттың жалпы алаңы – 844,2 шаршы метр, ғимараттың құрылыс алаңы – 726 шаршы метр, ғимараттың үй көлемі – 1576 шаршы метр, ғимараттың негізгі алаңы – 534,4 шаршы метр.
Мектепке дейінгі білім ұйымының аумағы қоршалған, көгалдандырылған, абаттандырылған. Мектепке дейінгі білім ұйымының қуаттылық жобасы 123 балаға арналған. Жылу, су жүйелері мен кәріздеу (канализация) орталықтандырылған. Желдету жүйесі талапқа сай.
«№31 «Салтанат» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК-нына 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Топтар жас ерекшеліктеріне сай топтастырылған. 6 топ бар,оның бесеуі қазақ,біреуі орыс топтары.
Мәңгілік ел болып қалыптасу жолында ұрпаққа берілетін тәрбие елбасымыздан бастап ойландырып-толғандыратын өзекті мәселелердің бірі екенін ешкім жоққа шығармайды.Ал болашақ ұрпақты талапқа сай елжанды, ел мақтанышы етіп заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелеуде балабақшаның рөлі зор.
№31 «Салтанат» бөбекжай- балабақшасы 1939 жылдан бастап қызмет атқарған екен.
Қолдағы деректерге сүйенсек 1959-1976 жылдар аралығында №1 детский ясли сад деп аталған. Меңгерушісінің аты жөні Капиталина Ивановна.
1976-1979 жыл аралығында балабақша меңгерушісі Анна Кузминична Прушеницкая болған.
15 июль 1979 жылдан- 11 март 1985 жылдар аралығында меңгеруші қызметін Газарова Галина Васильевна атқарған . Г.В. Газарованың сөзіне сүйенсек 1979 жылы балабақшаның 40 жылдығын тойлаған .
1985-2008 жылдар аралығында меңгеруші Ким Зоя Васильевна жұмыс атқарған. 2015 жылы наурыз айында қайтыс болған.
2008 жылдың ақпан айынан меңгеруші болып Шардарбекова Гульсара Садибековна тағайындалған .04.08.2015 ж. қайтыс болған.
2015 жылдың 07 қыркүйегінен бастап Мусакулова Дилбар Толендиевна меңгерушісі болып тағайындалды.Жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасуы мақсатында балабақша талмай еңбек етуде. Балабақша оқу –тәрбие жұмыстары қазақ,орыс тілдерінде жүргізіледі. Балабақша бойынша жалпы -6 топ бар.
№ 31 «Салтанат»бөбекжай балабақша өздерінің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра отырып, егемен еліміздің саналы да сапалы ертеңгі болашағын тәрбиелеуге өз үлесін қосуда.2016 жылы балабақша «Тіл-халықтың күре тамыры» тақырыбында қалалық семинар өткізілді . Қала көлеміндегі іс-шараларға, байқауларға үнемі қатысуда. Халықаралық «Пони» байқауларына қатысып алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталған.Балабақша педогогтары мен ата-аналардың қарым қатынасын нығайту мақсатында ата-аналармен үнемі психотренингтер, ашық есік күндерін өткізіліп тұрады.






